{metadescription}
Ерлі-зайыптылардың нотариалды куәландырылған келісімін онлайн ресімдеуге болады

Ерлі-зайыптылардың нотариалды куәландырылған келісімін онлайн ресімдеуге болады

Енді ерлі-зайыптылардың нотариалды куәландырылған келісімін eGov mobile қосымшасында онлайн түрде ресімдеуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және Әділет министрлігінің, республикалық нотариаттық палатаның арасындағы интеграция азаматтарға нотариат куәландырған құжаттарды бірнеше минут ішінде куәландыруға мүмкіндік береді.

eGov мобильді қосымшасының «eNotary» қызметінде ерлі-зайыптылардың келісімін талап ететін құжаттарды ресімдеудің қосымша опциясы пайда болды. Келісім онлайн режимінде биометриялық тексеруден өту арқылы жасалады. Содан кейін нотариус клиенттің деректерін тексереді. Келісімді растағаннан кейін нотариалды куәландырылған құжат жасалады.

Ерлі-зайыптылардың келісімін алу үшін:

- eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту;

- басты бетте «eNotary» қызметін ашу;

- тізімнен әрекет түрін таңдау – «келісім»;

- өтініш формасын толтыру және биометриялық тексеруден өту;

- бейнеқоңырау арқылы жұбайының келісімін алу;

- нотариалдық қызметке ақы төлеу қажет.

Бейнеқоңырау аяқталғаннан кейін пайдаланушы «Нотариаттық іс-әрекеттер» бөлімінде өтінімнің мәртебесін көре алады. EGov Mobile қосымшасының «Цифрлық құжаттар» бөліміндегі QR кодты сканерлеу арқылы бейнекамераның көмегімен ресми куәландырылған сенімхаттың түпнұсқалығын тексеруге болады.

Жаңа сенімхат «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді болады және оны талап ету орны бойынша ұсынуға болады.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде