{metadescription}
Абай облысындағы ауылдан төтенше жағдай режимі алынды

Абай облысындағы ауылдан төтенше жағдай режимі алынды

Абай облысы Бесқарағай ауданындағы Жетіжар ауылынан төтенше жағдай режимі алынды.

Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Бесқарағай ауданы әкімінің 25 қыркүйектегі шешімімен залалсыздандару жұмыстарының аяқталуына байланысты Жетіжар ауылында төтенше жағдай режимі тоқтатылды.

«Ауыл тұрғынынан алынған ПТР-сынаманың, қан мен жарадан анализдердің қорытындысында күйдіргінің белгілері анықталған жоқ. Медициналық диагноз – бетінің сол жағындағы стафилококты-стрептококты карбункул. Қазіргі уақытта пациент ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты, дене қызуы қалыпты», –делінген ақпаратта.

Еске салсақ, 20 қыркүйек күні Абай облысындағы Жетіжар ауылының тұрғыны күйдіргіге (сібір жарасы) шалдықты деген күдік туындады. Соған байланысты ауылда төтенше жағдай жарияланған еді.

Науқастан ПТР-сынама алынып, оның нәтижесімен сібір жарасы анықталған жоқ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде