Қор нарығында доллар арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.
16:20 25.09.2023
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар құны 1,16 теңгеге төмендеп, 1 доллар 473, 98 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 25 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 475, 25 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 473,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 476,5 теңге.
Ал Астана қаласында сату бағасы – 472 теңге болса, сатып алу – 476 теңге.
Ресей рублі Алматыда 4,79–5,01 теңге, Астанада 4,80–4,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!