Қазақстан ҰҚШҰ-дан шығуы мүмкін бе? СІМ жауабы
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан мен Армения ҰҚШҰ-дан шығу бағытында көліссөз жүргізіп жатыр деген қауесет шындыққа жанаспайтынын айтты.
Фото: odkb-csto.org
17:16 25.09.2023
«Бір ақпарат агенттігінде осындай мәлімет шығыпты. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Егер Армения өз талаптарын қойып жатса, бұл олардың ішкі мәселесі. Осы жайында біз ештеңе айта алмаймыз. Қазақстан ҰҚШҰ аясында жұмысын жалғастырып жатыр», - деді А. Смадияров апталық баспасөз мәслихатында тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұл тұрғыда ресми өкіл Қазақстан кезінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құрылуына атсалысқанын еске салды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!