{metadescription}
Алматыда 4 жасар баланы өлтірді деген күдікпен өгей әкесі қамауға алынды

Алматыда 4 жасар баланы өлтірді деген күдікпен өгей әкесі қамауға алынды

Алматыда төрт жасар баланы ұрып өлтірді деп күдікке ілінген жас жігіт қамауға алынды.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Жантүршігерлік оқиғаны қалалық полиция департаменті растады.

«Аталған дерек Наурызбай аудандық полиция басқармасында тіркеліп, ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. 2004 жылы туған Д. есімді күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады ведомстводан.

Аталып өткендей, қылмыстық істің тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде