{metadescription}
Шымкентте жол апаты салдарынан 2-сынып оқушысы зардап шекті

Шымкентте жол апаты салдарынан 2-сынып оқушысы зардап шекті

21 қыркүйек күні сағат 13:10 шамасында Шымкенттің Абай ауданы аумағында "Асар-2" шағын ауданындағы Атакент және 2-ші көшелердің қиылысында "КамАЗ-5320" жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға салдарынан екі аяғы сынған деген диагнозбен кәмелетке толмаған қыз жансақтау бөліміне жатқызылды.

"Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша тіркеді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - дейді Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде