{metadescription}
Той кезінде өрт болып, 100 адам қаза тапты

Той кезінде өрт болып, 100 адам қаза тапты

Ирактың солтүстіктегі Найнава провинциясында той салтанаты кезінде өрт болып, 100 адам қаза тапты, 150-ден астам тұрғын зардап шекті. Зардап шеккендер қатарында күйеу жігіт пен қалыңдық та бар. Оқиғаны Al Arabiya басылымы бақылап отыр. 

Алдын ала дерек бойынша, іс-шарада атылған отшашу өрт тұтануына себеп болған. Той залының қауіпсіздік техникасы бұзылған, тез жанатын панельден жасалған болып шықты. Салдарынан тілсіз жау тез жайылып кетіп, ғимараттың кей бөліктері опырылып түскен.

Ирак Денсаулық сақтау министрлігі Бағдад пен басқа да провинциялардан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қосымша күш жіберді. Жараланған адамдарды тасуға көптеген жедел жәрдем көлігі жұмылдырылды. Қызыл жалынмен күрес жалғасып жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде