{metadescription}
Ғылым министрлігі студенттер шәкіртақысының кешігу себебін түсіндірді

Ғылым министрлігі студенттер шәкіртақысының кешігу себебін түсіндірді

Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттер шәкіртақысының кешігу себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл мәселе Ғылым және жоғары білім министрінің бақылауында тұр. Жаңа бағдарламаға көшуге байланысты шәкіртақы төлеу мерзімі 2-3 күнге шегерілді. Кеше шамамен 5 жоғары оқу орнының студенттері шәкіртақыларын алды. Бүгін кешке дейін барлық студент шәкіртақыларын толық көлемде алатын болады. Министр бақылауда ұстап отыр. Шәкіртақы екі күнге кешікті», - деп мәлім етті министрліктің баспасөз қызметінен.

Кеше баспасөз бетінде елордадағы жоғары оқу орындарының студенттеріне стипендия кешіктіріліп жатқаны жазылған еді. Мұндай ақпарат мессенджерлердегі студенттік топтарда тараған.

Айта кетейік, 2021 жылдан бері шәкіртақы студенттің есепшотына тікелей түседі. Яғни, шәкіртақыны ЖОО емес, Ғылым және жоғары білім министрлігі жібереді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде