{metadescription}
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов елордалық ТЖД жаңа бастығын жеке құрамға таныстырды.

Министр бұйрығымен Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметіне Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков тағайындалды.

Департаменттен мәлім еткендей, Марат Күлдіков 1967 жылы Семей облысында дүниеге келген. ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін және ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы өрт сөндіруші болудан бастап ҚР Төтенше жағдайлар вице-министріне дейінгі қызмет атқарды.

Бұған дейінг елордалық ТЖД басшысы болған Қуанар Базарбаев атқарылған жұмыстар, оның ішінде өрт сөндіру бөлімдерін қайта жаңарту, жаңа өрт сөндіру деполарын салу, қажетті техникамен және жабдықтармен жарақтандыру туралы баяндады. Сондай-ақ, ол Астанада Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың мәдениет және демалыс паркі жұмыс істейтінін атап өтті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.