Етін жемек болған: Өскемен тұрғыны аю атып алды
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері Ново-Троицкое ауданында заңсыз аң аулаумен айналысқан Өскемен қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: pexels.com
16:19 27.09.2023
Ер адам аюды етін жеу үшін атып алғанын айтқан.
Тәртіп сақшылары оқиға орнынан рұқсат құжаттары бар 12 калибрлі Ataarms және 308 калибрлі Zauermod мылтықтарын, квадроцикл мен аюдың ұшасын тәркіледі. Кейін олар ветеринарлық зертханаға сақтауға берілді.
Күдіктіге қатысты «келуге міндеттеу» түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы санкцияланды.
«Факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігімен (Заңсыз аңшылық) қылмыстық іс қозғалды. Аталған бап үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады», - делінген полиция мәліметінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!