Жыл басынан бері елдің ішкі тауар айналымы 21% өсті
БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев 6 айдағы Қазақстанның сыртқы және ішкі тауар айналымы көлемін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
16:42 27.09.2023
«6 айдың қорытындысы бойынша сыртқы сауда бойынша Қазақстанның тауар айналымы 67,2 млрд доллар болды. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3%-ға жоғары. Шикізаттық емес тауарлардың айналымы қаңтар-маусым аралығында 22%-ға өсіп, 39,4 млрд долларды құрады», - деді жартыжылдықтың қорытындысын жариялаған министр.
Сондай-ақ Арман Шаққалиев атап өткендей, биыл алғашқы жартыжылдықта Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен арадағы тауар айналымы 20,2 млрд АҚШ долларына жеткен.
«Биыл 8 айда ішкі тауар айналымы 21%-ға өсіп, 35,7 трлн теңге болды. Сауда саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі жыл басынан бері 416 млрд теңгеге жетті. Жыл соңына дейін оны 821,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтуымыз керек», - деп тоқталды Арман Шаққалиев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!