Жаңбыр, найзағай: 28-30 қыркүйекке синоптиктер болжамы
«Қазгидромет» РМК 28-30 қыркүйек күндері қалыптасатын ауа райына болжамын ұсынды.
17:08 27.09.2023
Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн райының құбылмалы сипаты сақталып, жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі.
Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз күн райы әлі де сақталады.
Түнде және таңертең елдің солтүстік жартысында, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман күтіледі.
Еліміздің шығысында 28-29 қыркүйекте түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік сақталады.
Температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы күндіз 17-23 жылыға дейін, таулы аудандарда 8-13 жылыға дейін біртіндеп төмендейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!