{metadescription}
Діни материалдар таратқан көкшетаулық әйел әкімшілік жазаға тартылды

Діни материалдар таратқан көкшетаулық әйел әкімшілік жазаға тартылды

Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты діни материалдар таратқан жергілікті тұрғынға 50 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Instagram желісінде 14 мыңға жуық жазылушысы бар ақмолалықтың өз парақшасында діни материалдарды таратқанын анықтады. Бұл ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-бөлігінің 3-бөлімшесін бұзу болып табылады. Ол дінтану сараптамасының қорытындысымен де расталды.

"Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысына сәйкес ақмолалық әйелдің кінәсі толық расталды. Оған 50 АЕК немесе 172 500 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолданылды", - деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға тек ғибадат үйлерінде, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арнайы айқындаған стационарлық үй-жайларда ғана жол берілетінін еске салады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде