{metadescription}
Қарағанды қаласындағы апат: Жарық беру қалпына келтірілді

Қарағанды қаласындағы апат: Жарық беру қалпына келтірілді

Қарағанды қаласында электр қуатын беру қайта қалпына келтірілді.

Бүгін Қарағанды облысының бас шаһарында абоненттердің басым дені жарықсыз қалған болатын. 

Өңір әкімі Ермағанбет Бөлекбаев облыс тұрғындарына жасаған мәлімдемеде атап өткендей, бүгін таңертең Қарағанды қаласының ЖЭО-3 станциясында және Топар ГРЭС-2-де штаттан тыс жағдай орын алды. 

«Қазіргі сәтте Топар ГРЭС-2 жүктемені көтеріп жатыр және менің тапсырмаммен бірінші орынбасарым Вадим Басин болған жағдайды анықтау үшін станцияға аттанып кетті. Жүктемені көтеру және өңір тұтынушыларына электр жарығын қысқа мерзімде беру үшін KEGOC-пен және барлық станциялармен барлық шаралар қолға алынып жатыр», - деген болатын Ермағанбет Бөлекбаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде