{metadescription}
Шетелден ақша алатындардың мәліметін жариялау: Қаржы министрлігі түсінік берді

Шетелден ақша алатындардың мәліметін жариялау: Қаржы министрлігі түсінік берді

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов шетелдік көздерден ақша алып отырған қазақстандықтардың жеке деректерін жариялау мәселесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз жеке адамдардың деректерін жариялаған жоқпыз. Біз үшін салық төлеуші туралы ақпарат маңызды. Егер салық төлеуші кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса және ол бізде салық төлеуші ретінде тіркелсе, салық есептілігін ұсынса, онда 30-бапқа (Салық кодексі) сәйкес салық төлеушілер туралы деректер салық құпиясы саналмайды. Сондықтан біз салық төлеушілер туралы мәліметтерді олардың жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) бойынша орналастыра аламыз», – деді Е. Біржанов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Вице-министр осындай ақпарат ведомстволардың сайттарында біраздан бері жарияланып келе жатқанын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекеттік кірістер комитеті биылғы бірінші жартыжылдықта шетелдік көздерден ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың тізімін жариялады. Құжатқа әртүрлі бағытта жұмыс істейтін 240 ұйымның атауы мен азаматтардың есімі енген. Тізілімде ұйымдар мен жеке адамдардың бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (БСН) және жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) көрсетілген.

Комитеттің хабарлауынша, 2018 жылдан бастап Салық кодексіне шет мемлекеттерден, шетелдіктерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдарына есеп беруі туралы талап енгізілген.

Ал 2022 жылы Салық кодексінің 29-бабына өзгеріс жасалып, оған сәйкес мемкірістер комитеті өзінің интернет-ресурсында шетелдік көздерден ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың тізілімін жариялай алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.