Қазақстан Азия ойындарында тағы 3 қола медаль алды
Қазақстан құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде жүлде жинауды жалғастыруда.
Фото: olympic.kz
14:50 28.09.2023
Бұл туралы olympic.kz хабарлайды.
Бүгін жағажай волейболынан ерлер құрамасы мен таэквондо құрамасының өкілдері Жансель Дениз (67 келіден жоғары) бен Смайыл Дүйсебай (80 келіден жоғары) бірінен соң бірі жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Жағажайшылар үшінші орын үшін кездесуде Иранды 2:0 есебімен ұтты.
Таэквондошылар жартылай финалға өтіп, өкініше қарай онда жеңіліс тапты. Алайда, 1/2 финалға шығу олар үшін қола жүлдеге кепілдік берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!