{metadescription}
Нұрлан Дәулетқалиев Абай облысының Мемлекеттік қызмет департаментіне басшы болды

Нұрлан Дәулетқалиев Абай облысының Мемлекеттік қызмет департаментіне басшы болды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облыстық филиалы департаментінің жаңа басшысы болып Нұрлан Дәулетқалиев тағайындалды.

Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгін Абай облысына келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев облыс активімен кездесіп, оның барысында департаменттің жаңа басшысын таныстырды.

Кеңесте мемлекеттік қызмет саласындағы жаңалықтар, мемлекеттік орган жұмысындағы рәсімдерді жеңілдету, мемлекеттік қызметтерді көрсетуді және мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды. Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда резервке қатысуға 350-ге жуық адам өтініш берген.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, Президенттік жастар кадр резервінің басты мақсаты – мемлекеттік аппаратты жетілдіру және көшбасшылардың жаңа буынын қалыптастыру. Сондықтан да біздің басты міндетіміз – мемлекеттік басқару саласына білікті де білімді жастарды дайындап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі арттыру», – деді жиында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Биыл кандидаттарды іріктеу: инфрақұрылымды дамыту, өнеркәсіп және сауда саясаты, ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, сыртқы саясат және инвестиция, экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам бағытында жүргізіліп жатыр. Қорытынды нәтижесінде резервке 50 үміткер іріктеледі. Жеңімпаздар 2023 жылдың желтоқсан айында белгілі болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.