{metadescription}
Абай облысы полициясы Көші-қон қызметі басқармасының басшысы $1 мың пара алған

Абай облысы полициясы Көші-қон қызметі басқармасының басшысы $1 мың пара алған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Абай облысы Полиция департаментінің лауазымды басшысының ұсталуына қатысты толық мәлімет ұсынды.

Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірлің Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының басшысы мен департаменттің өзге де қызметкерлері пара алғанын әшкерелеген. 

«Лауазымды тұлға өзінің қызметкері арқылы аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерін қалалық көші қон қызметі бөліміне ауыстыруға жәрдемдескені үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», - делінген мәліметте.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы алға тартылып, өзге ақпарат жария етілмеді.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.