Доллар бағамы 4 теңгеге арзандады
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы құлдырады.
17:23 28.09.2023
Күнделікті сауда қорытырдысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 4,67 теңгеге төмендеп, 477,57 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 27 қыркүйектегі ресми бағамы - 482,77 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 474,65 теңге, сатылымы 477,11 теңге болды. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 472,98 теңгеден сатып алынып, 478,15 теңгеден сатылып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!