{metadescription}
Петропавлда 3 баланы балтамен жарақаттаған оқушы ақыл-есі дұрыс деп танылды

Петропавлда 3 баланы балтамен жарақаттаған оқушы ақыл-есі дұрыс деп танылды

Петропавлда биыл ақпан айында мектепке балта ала барып, сыныптастарына шабуылдаған 9-сынып оқушысының ақыл-есі дұрыс деп танылды. Бұл жайында Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Петропавлдағы 4-ші мектепте 13 ақпан күні болды. 9-сынып оқушысы мектепке өзімен бірге балта ала барып, сыныптастарын жарақаттады. Салдарынан үш бала ауруханаға түсті. Ал күдікті оқушы бірден қамауға алынды.

Жасөспірімнің ақыл-есінің дұрыстығын анықтау үшін онымен мамандар жұмыс істеді. Полиция да тергеуді аяқтап, іс прокуратураға жіберілді.

«Наурыз айында осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 24-ші және 99-шы баптары бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізілді. Сот-сараптамалық жұмыстардың барлығының қортындылары шықты. Қазір істі прокуратура тексеріп жатыр, одан кейін сотқа жолданады», - деді СҚО Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабұлдинов брифинг барысында.

Мектеп басшылығы мен сынып жетекшісі осы оқиғаға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұған дейін құзырлы орган өкілдері бала психикалық ауытқушылығына байланысты диспансерлік тіркеуде тұрғанын айтқан болатын. Департамент бастығының сөзінше, сараптама жұмыстары жасөспірімнің өз ісіне жауап бере алатынын көрсетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде