El Umiti қоры мен әлеуметтанушылар мектебі мұғалімдердің біліктілігін арттыруға жиын өткізеді
Ұстаздар күні қарсаңында El Umiti қоры мен әлеуметтанушылар мектебінің ұйымдастыруымен мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселелеріне арналған жиын өткізіледі.
14:30 29.09.2023
Бүгінде мұғалімдердің 60%-ға жуығы 35-59 жас аралығында және маман үнемі тапшы. Электрондық еңбек биржасы порталында мектептерге жаңа мұғалім тарту тәжірибесін бақылай отырып, жүйенің жұмыс тәжірибесі жоқ жас кадрларға бағытталғанын көреміз (бос орындардың 75%).
Бұл өз кезегінде жас қызметкерлерді қосымша оқыту және бейімдеу, сондай-ақ жаңа мұғалімдерге білім беру іс-әрекетіне жаңа тәсілдерін енгізу қажетін өзекті етеді.
Қор мұғалімдердің біліктілігін арттыру және дамыту мақсатында Smart Ustaz, Qabilet және т.б. сияқты бірқатар жобаны жүзеге асырады. Аталмыш жобаларды жүзеге асырған кезде тиісті біраз тәжірибе мен білім жинақталды, біз оны сарапшылар қоғамдастығымен бөліскіміз келеді.
3 қазан сағат 11.00 (Астана қ., Мәңгілік ел 55/13, С21 блок).
Тіркелуге сілтеме.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!