{metadescription}
Көлік салығын 328 мыңнан астам қазақстандық төлемей жүр

Көлік салығын 328 мыңнан астам қазақстандық төлемей жүр

Елімізде 328 мыңнан астам адам көлік салығын төлемей жүр.

«2023 жылдың 7 қыркүйегіндегі жағдайға сәйкес, көлік құралдарына салынатын салық бойынша салық берешегі бар жеке тұлғалардың жалпы саны 328 611 адамды құрайды. Көлік құралына салынатын ең жоғары төлем қозғалтқыш көлемінен бес литрден жоғары. Оған салық мөлшерлемесі 200 айлық есептік көрсеткіштен асады.

Салық төлемінің ең жоғары сомасы 2022 жылы Алматы қаласында 625 200 теңгені құрады», - деп атап өтеді Мемлекеттік кірістер комитеті агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Ведомство мәліметінше, көлік салығын төлемеген қазақстандықтардың 1 013 көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде