Қарағанды облысында ұшақ апатынан 2 адам мерт болды
Қарағанды облысында ұшақ апатынан екі экипаж мүшесі қаза тапты.
Фото: МТРК «Мир» / Евгений Ем
10:38 30.09.2023
Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«30 қыркүйек күні Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу ұшуын жасап жүрген P2002 үлгісіндегі UPLA286 ұшағы, ұшып шыққан уақыты 07.46-дан кейін байланысқа шықпады.
Іздестіру жұмыстары барысында қираған әуе кемесі және қаза болған екі адам табылды.
Көлік министрлігінің оқиғаларды тергеу департаменті аталған факті бойынша тергеуді бастады», - делінген Азаматтық авиация комитетінің мәліметінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!