{metadescription}
Алматы прокуроры тағайындалды

Алматы прокуроры тағайындалды

Мемлекет басшысының келісімімен Алматы қаласының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Серік Ақмырзаұлы Кәріпбеков тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Серік Кәріпбеков 1973 жылы туған, білімі жоғары, Түркия Республикасының Ыстанбұл университетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы Павлодар облысы Ақсу қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Ол бірқатар жауапты қызметті атқарды, соның ішінде бөлім және басқарма бастығы, Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары.

2020 жылдың маусымынан бастап Бас прокуратураның Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы болып жұмыс істеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде