{metadescription}
Ақтөбеде 20 кәсіпкердің шоттары заңсыз бұғатталған

Ақтөбеде 20 кәсіпкердің шоттары заңсыз бұғатталған

Ақтөбе облысының прокуратурасы талдау нәтижеcі бойынша Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен биылғы камералдық бақылау нәтижелері бойынша 20 кәсіпкерлік субъектісіне хабарламалар қойып, олар шоттарын бұғаттауға әкеп соққанын анықтады.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Тиісінше олар кәсіпкерлердің қызметіне кері әсерін тигізді. Қойылған хабарламалардың заңдылығын зерделеген прокуратура оларды негізсіз деп танып, қадағалау актісін енгізді.

Нәтижесінде салық органының шешімдері жойылып, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды, ал кәсіпкерлер өз қызметіне қайта кірісті. Осылайша, прокуратура кәсіпкерлер алдындағы кедергілерді жойды. Салық органының басқа да актілерінің заңдылығын тексеру жалғасуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.