{metadescription}
14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облысында көктайғақ болуы мүмкін.

Жетісу облысының Алакөл көлдері аймағында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, күндіз екпіні кей жерлерде 23-28 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облысында тұман түседі.

Қостанай облысының батыс, солтүстік бөлігінде көктайғақ болып, тұман түсуі ықтимал.

29 қараша күні кешке Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде