{metadescription}
Газадан тұтқындардың бесінші тобын босату басталды

Газадан тұтқындардың бесінші тобын босату басталды

Газа секторында палестиналық ХАМАС тобы Қызыл крест халықаралық комитетінің (ХҚКК) өкілдеріне тұтқынға алынған адамдардың бесінші легін тапсыру процесін бастады.

Бұл туралы «Аль-Кахира аль-Ихбария» телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Телеарнаның мәліметінше, бұл – гуманитарлық бітім туралы келісім күшіне енгелі бергі бостандыққа жіберіліп жатқан тұтқындардың бесінші тобы. Бұл жолы 10 адамды еркіне қоя беру жоспарланған.

Мысыр мен Катардың араласуынан кейін израильдік күштер мен палестиналық қарсыласу жасақтарының Газа секторындағы уақытша бітім туралы келісімін тағы екі күнге созуға мүмкін болды. Келісім мерзімі өткен күні аяқталуы тиіс еді.

Осыдан біршама уақыт бұрын ХАМАС палестиналық қозғалысының әскери қанаты – «Иззэддина аль-Кассама бригадасының» өкілі Абу Убайда мәлімдеме жасап, «қарсыластар бітім келісімін ұстанатын болса», олар да соған бейілді екенін атап өтті. Онымен қоса, ол арағайын өкілдерін Израильге қысып жасап, «ауадағы және жердегі бітім туралы келісімнің барлық шарттарын ұстануға» шақыруға үндеді.

Жоспар бойынша, тұтқындар бұған дейінгі мәмілеге сәйкес босатылады, яғни еркіндікке жіберілген әрбір израильдік үшін – үш палестиналық тұтқын.

Дереккөз: Кazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде