{metadescription}
Оралда автокөлік қағып кеткен 68 жастағы ер адам көз жұмды

Оралда автокөлік қағып кеткен 68 жастағы ер адам көз жұмды

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 28 қараша күні 4-шағынауданда болды.

«Шамамен сағат 08.30-да 1977 жылғы жүргізуші «Тойота Камри» автокөлігімен келе жатып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген. Сөйтіп белгіленбеген жерден өтпекші болған 1955 жылғы ер адамды қағып кеткен. Салдарынан жаяу жүргінші жолға құлаған кезде оны 1982 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «ГАЗ-330202-14» автокөлігі басып кеткен. Ер адам оқиға орнында қайтыс болған. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде