{metadescription}
Үндістанда 17 күн туннельде өткізген 41 жұмысшы құтқарылды

Үндістанда 17 күн туннельде өткізген 41 жұмысшы құтқарылды

Үндістан солтүстігінде құтқарушылар Гималайда тауларындағы туннель астында қалып қойған жұмысшыларды шығарып алды. Олар жер астында 17 күн болды. 

Гринвич бойынша сағат 15:30 шамасында Уттаракханд штатының үкіметі барлық 41 жұмысшы құтқарылғанын мәлімдеді.

Туннель 17 күн бұрын 4,5 шақырым тереңдікте опырылып түскен болатын.

Билік өкілдерінің айтуынша, жұмысшылар туннельдің ішінде қалып кеткенімен, үйінді астында қалмағаны қуанарлық жағдай. Ұзындығы екі шақырымды, биіктігі 8,5 метрді құрайтын кеңістік олардың өмір сүруіне сеп болған.

Үйіндінің алғашқы қабаты бұрғыланғаннан кейін-ақ адамдарға мүмкіндігінше, тамақ, су және оттегі жеткізіліп тұрды.

Құтқару операциясына жүзден астам адам жұмылдырылды. Олардың міндеті – үйінді арасынан бетон құбырды өткізу.

Құтқарушылар соңғы бес метрді бұрғылап болғаннан кейін 57 метрлік құбыр арқылы жұмысшыларды жер бетіне шығара бастады.

Дүйсенбі күні құтқару операциясына Үндістанда «егеуқұйрық-шахтерлер» деп аталатын арнайы бөлімше қосылды. Осы жасақтың тәсілі, негізінен көмір шахталарында пайдаланылады және өте тар кеңістіктегі жұмысқа арналған.

Силкьяра туннелі – құны 1,5 млрд доллар, ұзындығы 890 шақырымды құрайтын жолдың құрылысы бойынша «Чар Дхам» жобасының бір бөлігі. Туннель индуистердің маңызды ғибадат орындарын байланыстырады. Жобаның күрделілігі – оның Гималай тауларымен – әлемдегі ең биік әрі сейсмикалық белсенді таулы аумақпен өтуінде.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде