{metadescription}
БҚО-да жасөспірімдерді бопсалаған студенттер ұсталды

БҚО-да жасөспірімдерді бопсалаған студенттер ұсталды

Батыс Қазақстан облысында жасөспірімдерді бопсалаған студенттер ұсталды, деп хабарлайды Kazinform

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Бөрлі ауданында жасөспірімді қорқытып, күш қолдану арқылы ақша бопсалаған 2007 және 2008 жылғы екі колледж студенті қолға түсті.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ Орал қаласындағы колледждердің бірінде оқитын студенттер 500 мың теңге бопсалағаны үшін ұсталды. Олар екі жасөспірімді ақша беруге мәжбүрлеген.

«Аталған деректер бойынша ҚР ҚК 194-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бап бойынша айыпты деп танылғандар 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Сонымен қатар адамдар тобы болып, алдын ала сөз байласқан жағдайда 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі кезде осыған ұқсас деректерді анықтау бағытында жұмыстар жалғасып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Департаменттен түскен мәліметке қарағанда, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласының барлық оқу орындарында «Komek Stop Bulling ZKO» қосымшасы орнатылған. Сол арқылы студенттер көмек сұрай алады.

Жалпы, жыл басынан облыстағы білім беру ұйымдарында 21 құқық бұзушылық анықталса, қыркүйек айынан бері оқушылар мен кәмелетке толмағандарды бопсалау бойынша 4 дерек тіркелген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.