{metadescription}
Ұлттық ұлан академиясының курсанттары қызылша жұқтырды

Ұлттық ұлан академиясының курсанттары қызылша жұқтырды

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ұлттық ұлан курсанттарының қызылшаға шалдығуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform.

Ведомствоның мәліметі бойынша, 17 курсант ауырған. Оның ішінде бір курсант қана ем алып жатыр. Қалғандары жазылып шыққан.

«Өңірдің бізге берген дерегі бойынша, Ұлттық ұланның аталмыш академиясында 17 курсант ауырған. Біреуі медициналық санитариялық бөлімде ем алып жатыр. Қалғандары жазылып шыққан. Негізі екпе алғандар мен бұған дейін ауырып үлгергендердің иммунитеті мығым. Ал бұған дейін ауырып көрмегендер ауырған. Оның өзінде жас балада кездесетін жеңіл түрімен ауырды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Оның сөзінше, қызылшамен ауырды деген күдікпен 29 курсант түскен. Оның тек 17-сі қызылша жұқтырғаны анық болып шыққан.

«Қазір респираторлық вирус инфекциясының эпидемиологиялық маусымы жүріп жатыр. Тарап жатқан инфекциялардың арасында тұмау, тыныс жүйесінің тұмауы (парагрипп) сияқты түрлері бар. Күдікпен түскен өзге курсанттарға басқа диагноздар қойылды», - деді министр.

Сондай-ақ, ол Ұлттық ұланда карантин енгізілмегенін атап өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.