{metadescription}
Алматыда түнде көлік өртенді

Алматыда түнде көлік өртенді

Бүгін түнде Алматының Әуезов ауданында жеңіл автокөлік отқа оранды, деп хабарлайды Kazinform.

Өртенген көліктің видеосы желіге шықты. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1 желтоқсан күні сағат 00:46-да оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер «Lada Priorа» маркалы автокөлігінің өртін сөндірді.

«2014 жылы шыққан жеңіл автокөлік Абай мен Алтынсарин даңғылдарының қиылысы аумағында өртеніп жатты. Өртенген аумақ 3 шаршы метр болды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен соң, 2 минут ішінде, сағат 00:54-те өртті сөндірді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ», - делінеді ТЖД хабарламасында.

Алматы қалалық ТЖД көліктен шыққан өрт тез таралатынын, сол себепті көлікте әрдайым жұмыс істейтін өрт сөндіру құралдары болу керектігін ескертті. Сондай-ақ, көлікке тек мамандандырылған техникалық қызмет көрсету орталықтарында қызмет көрсеткен дұрыс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде