{metadescription}
Петропавлда қыздар пәтерде эротикалық массаж қызметін көрсетіп келген

Петропавлда қыздар пәтерде эротикалық массаж қызметін көрсетіп келген

Петропавлда эротикалық дене массажы қызметін көрсеткен пәтер анықталды. Бұл жерде 20-21 жастағы екі бойжеткен жұмыс істеген, деп хабарлайды Kazinform.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Петропавлдағы Абай көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінен хабар түскен.

Онда пәтерде эротикалық дене массажы қызметі көрсетілетіні айтылған. 

«Stop-трафик» жедел-профилактикалық жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тұрғын үйдің пәтерінде 46 жастағы әкімші әйел, сондай-ақ 21 және 22 жастағы екі бойжеткен ұсталды. Бұл пәтерде олар ақша үшін эротикалық дене массажын істейтіні белгілі болды. 

Осы факт бойынша әкімшіге қатысты ҚР ӘҚБтК 450-бабының 1-бөлігі бойынша материал жиналды.

Аталған баптың санкциясы жеке және лауазымды тұлғаларға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде