{metadescription}
Ақтауда 3 балдық жер сілкінісі сезілді

Ақтауда 3 балдық жер сілкінісі сезілді

Ақтау тұрғындары бүгін таңертең жер сілкінісін сезген. Қаланың төменгі шағын аудандарында тұратындар дүмпуді жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 9:20-да анық байқаған, деп хабарлайды Kazinform.

Жергілікті телеграм каналдардың бірінде тұрғындар жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. 

«Жер сілкінді ма?» — деп жазды ақтаулықтардың бірі. 

Оған жауап берген қаланың 4, 6, 12 және 17 шағын аудан тұрғындары жер сілкінісін сезінгендерін айтты.

«Иә, жер сілкінгенін байқадық. Үйдегі заттар қозғалды». «Кәдімгідей сезілді». «Иә, сілкінді», — деп жазды олар. 

«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС 7 желтоқсан күні Алматыдан 2289 км жерде, яғни Әзербайжан аумағындағы Каспий теңізінде жер сілкінісі болғаны тіркелген.

Жер сілкінісінің магнитудасы — 5.7. Эпицентр координаты — 41,09° с. е. 49,71° ш. б. Тереңдігі — 35 км. МSК-64 шкаласы бойынша Ақтауда 3 балдық жер сілкінісі сезілген», — делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде