{metadescription}
Семейде мас адам көшеде оқушы қызға тап берген

Семейде мас адам көшеде оқушы қызға тап берген

Семей қаласында көшеде оқушы қызға тап берген ер адамға қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды Kazinform.

Абай облысы Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 7 желтоқсан күні болған. Учаскелік полиция инспекторы Рымғали Жибраев көшеде қыздың айқайына естіп қалып, лезде әрекет етті.

Ауа райы жағдайлары көше ойындары үшін мүлдем қолайсыз болып тұрғанын ескерген полицей балаға қандай да бір қауіп төніп тұрғанын түсінді. Айқай шыққан жерді анықтағаннан кейін тәртіп сақшысы көшеге жүгіріп шығып, кішкентай қызды қолында ұстап тұрған адамды көрді. Содан кейін оған жақындап, баланы алып кетті. Қыздың қолынан ұстаған полиция қызметкері оның жанында болатынын және еш ренжітпейтінін түсіндірді.

«Бір қолмен ер адамды полиция пунктіне апарып, екінші қолыммен баланың қолын ұстап тұрдым», - дейді учаскелік полицей.

Баланың Семей қаласындағы мектептердің бірінде 6-сыныпта оқитыны белгілі болды. Қарағайлы шағын ауданындағы үйлердің бірінің жанынан өтіп бара жатқанда оған белгісіз біреу шабуыл жасаған.

- Жүргізілген медициналық куәландыруға сәйкес, ұсталған ер адам «орташа дәрежедегі» мас күйде болған. Полиция лейтенанты Рымғали Жибраевтің уақтылы әрекет етуінің арқасында бала зардап шеккен жоқ және ата-анасына тапсырылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - делінген ақпаратта.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.