{metadescription}
Жаңа инвестор «АрселорМиттал Теміртауға» қанша қаражат салады

Жаңа инвестор «АрселорМиттал Теміртауға» қанша қаражат салады

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жаңа инвесторы қандай міндеттемелерді өз жауапкершілігіне алғанын айтып берді, деп хабарлайды Kazinform.

«Үш жылда бұл кәсіпорынға инвестицияның жалпы көлемі шамамен 3,5 млрд долларға жетеді және жақын арада кәсіпорынның операциялық жұмысын жақсарту үшін 1 млрд доллардан астам инвестиция салынады», — деді Қанат Шарлапаев Үкіметте өткен брифингте.

Сонымен бірге, министр жаңа инвестормен инвестициялық келісім шеңберінде тікелей кәсіпорынның өзіне инвестициялар бойынша міндеттемелер көзделгенін айтты.

«Бірқатар әлеуметтік міндеттемелер қарастырылған және бұл жұмыс Қарағанды облысының басшылығымен және Теміртаудың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп жүргізілді. „АрселорМиттал Теміртаудың“ қызметкерлер алдындағы, жеткізушілер алдындағы бүкіл міндеттемелері толық көлемде орындалады. Біз бұл кәсіпорынның жұмысын қызметкерлер алдындағы әлеуметтік міндеттемеде еш өзгеріс болмайтындай қолдаймыз», — деп толықтырды Қанат Шарлапаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде