Чилиде орман өртінен қаза тапқандар саны 99-ға жетті
Чилидің Вальпараисо аймағындағы орман өртінен қаза тапқандар саны 99-ға жетті.
12:24 05.02.2024
«Бүгінде 99 адамның денесі табылды», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Чили президенті Габриэль Борич 64 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатын. Ол қайғылы оқиға құрбандарының саны арта түсетінін мойындады. Елде екі күндік аза тұту жарияланды.
2 ақпанда президент өртке байланысты Вальпараисода төтенше жағдай жариялады. Сонымен қатар, өрт сөндірушілердің еркін жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін облыста сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді.
Биліктің мәліметінше, жалын 40 мың гектардан астам аумақты шарпыған.
Дереккөз:Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары