{metadescription}
СҚО-да екі ер адам жылқы іздеуге шығып адасып кеткен

СҚО-да екі ер адам жылқы іздеуге шығып адасып кеткен

Солтүстік Қазақстан облысында Уәлиханов ауданының екі тұрғыны МТЗ тракторымен жылқы іздеуге шығып адасып кетті. 

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 ақпан күні 1976 жылы туған тракторшы мен 1969 жылы туған жылқышының табылмай жатқандығы туралы хабар түскен.

Түнгі сағат 01.30 мин кеткенде Уәлиханов ауданы Қайрат ауылының маңында СҚО төтенше жағдайлар департаментінің, полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы органдардың және тұрғындардың күшімен іздестіру жұмысы басталды. Оған 26 адам және 10 техника тартылды.

Жоғалған екі адам бүгін таңғы сағат 8.30 шамасында аман-есен табылды.

Тракторшы мен жылқышыны құтқарушылар ТРЭКОЛ жол талғамайтын көлігімен сол маңдағы ауылдардың бірінің жанынан тапты. Тұрғындарға медициналық көмек қажет болмады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде