{metadescription}
Елордада 12-қабаттағы пәтерден өрт шықты

Елордада 12-қабаттағы пәтерден өрт шықты

Елордада 12-қабаттағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. 

"Сағат 21:30-да Қайым Мұхамедханов көшесінде пәтер өртеніп жатыр деген хабар түсіп, елордалық өрт сөндірушілер оқиға орнына аттанды. Құтқарушылар тиісті адреске келген кезде 12-қабаттағы пәтердің терезесінен сыртқа жалын көрініп, ас үйде және балконда тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып жатқаны анықталды. Өрт аумағы анықталуда. Сағат 21:51-де өрт сөндірушілер өртті ауыздықтады", - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Астана қаласының ТЖД жеке құрамының 24 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде