{metadescription}
СҚО-да өртенген тұрғын үйден әйелдің денесі табылды

СҚО-да өртенген тұрғын үйден әйелдің денесі табылды

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында жеке тұрғын үйден өрт шығып, 73 жастағы әйел қайтыс болды.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Новоукраинка елді мекені, Армянская көшесінде тұрғын үйдің өртеніп жатқандығы туралы хабар «101» жедел арнасына бүгін сағат 1.30 шамасында түскен. Ауылға ең жақын өрт сөндіру бөлімшесі 10 км қашықтықта орналасқан.

«Тұрғын үйдің жалпы аумағы 200 шаршы метр, өрт 96 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнынан осы үйдің иесі 1951 жылы туған әйелдің денесі табылды. Көршілерінің айтуынша, ол жалғыз тұрып келген. Алдын ала болжам бойынша, пешті пайдалануда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған», - делінген хабарламада.

Өртті жеке құрамнан 6 адам және 2 арнайы техника үш сағаттың ішінде толық сөндірді.

Дереккөз: Kazinform 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде