{metadescription}
Алматыдағы балабақшада болған жағдайға байланысты тергеу жүріп жатыр

Алматыдағы балабақшада болған жағдайға байланысты тергеу жүріп жатыр

Алматыдағы балбақшалардың бірінде бүлдіршінің соққыға жығылуына байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті.

«Балалардың құқықтарын қорғау комитеті зардап шеккен баланың анасымен байланысқа шықты. Қазір балаға барынша медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ, тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған мәселе Комитет бақылауында», - делінген хабарламада.

Осыған дейін Алматыдағы балабақшалардың бірінде бүлдіршін аяусыз соққыға жығылғанын жаздық.

Қалалық білім басқармасы жағдай «№51 бөбекжай-бақша» балабақшасында болғанын мәлім етті.

Алынған түсіндірме хатқа сәйкес, тәрбиеші бұл уақытта балаларға түскі ас алып келу үшін шығып кеткен. Сол себепті, балалардың тәртібін қадағалай алмаған.

«Балабақша әкімшілігінің бұйрығымен тәрбиеші қатаң сөгіс алды. Сонымен қатар балабақша меңгерушісіне де тәртіптік жаза қолданылды», - деп хабарлады Алматы қалалық білім басқармасынан.

Сондай-ақ, 3 жастағы баланың ата-анасының арызы бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді.

«Балабақша қызметкерлерін, сондай-ақ балалардың ата-аналарын жауапқа тарту мәселесі шешіліп жатыр», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Дереккөз: Kazinform
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде