{metadescription}
Тараз тұрғынынан құны 10 млн теңге тұратын үнді марихуанасы тәркіленді

Тараз тұрғынынан құны 10 млн теңге тұратын үнді марихуанасы тәркіленді

Жамбыл облысында есірткі заттарын сақтады деген күдікпен Тараз қаласының 50 жастағы тұрғыны ұсталды. Жедел іздестіру іс-шаралары «Тосқауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында өткізілді. 

Яго есімді қызметтік ит тұрғылықты жерін тінту кезінде сарай мен бақшада жасырылған есірткіні табуға көмектескен.

Күдікті тыйым салынған заттарды канистрлерде сақтаған. Жалпы салмағы 4 кг 604 грамм кептірілген үнді сортты марихуана тәркіленді. 

«Тәркіленген есірткінің «қара нарықтағы» құны 10 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Әлім Бажықбаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде