{metadescription}
Астанада 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы қар тазалауға шықты

Астанада 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы қар тазалауға шықты

Өткен түнде қаланың коммуналдық қызметі елордадан 34,9 мың текше метр қар шығарды. Олар жұмысты тәулік бойы бірнеше ауысымда жүргізеді.

Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жазды.

24 ақпан күні таңертең елордада қар тазалау жұмысына 1,3 мыңнан астам арнайы техника мен 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды.

23 ақпаннан 24-іне қараған түні қаладан 34,9 мың текше метр, яғни, 2 647 рейс қар шығарылды.

Қыс басынан бері қар полигондарына барлығы 378,4 мың рейс, яғни 5,14 млн текше метр қар шығарылды.

Сондай-ақ қозғалыс кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде