{metadescription}
Шорт-тректен ӘЧ: ел қоржынына тарихи жүлде түсті

Шорт-тректен ӘЧ: ел қоржынына тарихи жүлде түсті

Шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тарихи жүлде түсті, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 

Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Алина Ажғалина 1500 метр қашықтықтың финалына шығып, мәреге екінші болып келді.

Бұл еліміздің тарихындағы бұрымды шорт-трек шеберлерінің әлем чемпионатында еншілеген тұңғыш жүлдесі. Бұған дейін әлем біріншілігі жүлдегерлерінің қатарында тек Денис Никиша болатын.

Дереккөз: Kazinform

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде