{metadescription}
Ақмола облысында ауылдық округ әкімдігінің өкілдері заңсыз жалақы алып келген

Ақмола облысында ауылдық округ әкімдігінің өкілдері заңсыз жалақы алып келген

Ақмола облысында жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі әкімдігінің лауазымды тұлғалары 3 жылдан астам уақыт бойы жалпы сомасы 15 млн теңгеден астам жалақыны негізсіз алып келген.

Бұны Целиноград ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметінде бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы тұрғысынан тексеру кезінде анықтаған.

Бұл факт бойынша Қараөткел ауылдық округінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚК-нің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Аталған баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады», - делінген хабарламада. 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде