{metadescription}
СҚО-да бір отбасының үш адамы иіс тиіп уланды

СҚО-да бір отбасының үш адамы иіс тиіп уланды

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында 32 жастағы әйел, оның 13-тегі және бір жасар нәрестесі иіс тиіп ауруханаға түсті.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 ақпан күні сағат 21:00 шамасында Кішкенекөл ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен аудандық ауруханаға көмірқышқыл газына уланған отбасы жеткізілді.

Тиісті ем-дом көрсетілгеннен кейін әйел мен оның екі баласы үйіне қайтарылды. 

«Тұрғын үйді қарау кезінде пештің мұржасы жабылмайтынын байқадық, бірақ, пеш көптен тазаланбағандықтан күл толып қалған. Салдарынан дұрыс тартпай, улы газ ішке кеткен. Яғни пешті дұрыс қолдану ережесін сақтамаған», — дейді өрт сөндірушілер. 

СҚО-да жыл басынан бері 4 адам пешті дұрыс қолданбау салдарынан иіс тиіп уланып қалған.

Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 20 адам уланса, 1 адам қайтыс болды. 

Дереккөз: Kazinform

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде