Алматыда автобус өртенді
Алматылық өрт сөндірушілер отқа оранған автобусты сөндірді.
Фото: видеодан кадр
15:12 27.02.2024
Алматыда отқа оранған автобустың видеосы желіге шықты. Алматы қалалық ТЖД-ның мәліметінше, қаладағы Алатау ауданының құтқарушылары сағат 11:45-те «Қарасу» шағын ауданында өртенген автобусты сөндіруге жіберілді.
Құтқарушылар сағат 11:53-те жетті, автобус салонында жолаушылар болған жоқ. Жалын шарпыған аумақ 10 шаршы метрді құрады, өрт сағат 12.00-де сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге қалалық ТЖД-ның 10 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!