{metadescription}
Бірқатар өңірде сот төрағалары мен судьялар қызметінен босатылды

Бірқатар өңірде сот төрағалары мен судьялар қызметінен босатылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 22 ақпандағы Жарлығымен ел өңірлерінде сот төрағалары мен судьялар қызметінен босатылды.

Атқаратын қызметінен:

Алматы облыстық сотының төрағасы Әбдіқадыров Еліс Нұрқасымұлы (орнынан түсуіне байланысты);

Астана қалалық сотының судьясы Майқыбаева Айман Бесенғазықызы (орнынан түсуіне байланысты);

Шымкент қалалық сотының судьясы Әуезов Наурызбай Тәжіханұлы (орнынан түсуіне байланысты);

Атырау облыстық сотының судьясы Нағашыбаев Мирамбек Ибрагимұлы (орнынан түсуіне байланысты);

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Иванова Юлия Павловна (орнынан түсуіне байланысты);

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары Иманбаева Жаннат Әнуарбекқызы (орнынан түсуіне байланысты);

Сәрсенбаев Санат Сләмжанұлы (қайтыс болуына байланысты) босатылды.

Астана қаласы бойынша

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Алпысбаева Жанаргүл Қабылдақызы (өз тілегі бойынша, осы соттың судьясы етіп қалдыра отырып).

Шымкент қаласы бойынша

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Кененбаева Айжамал Айнақұлқызы (қайтыс болуына байланысты);

Мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Мыңбатыров Fалым Қанбатырұлы (өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттың судьясы етіп қалдыра отырып).

Абай облысы бойынша 

Семей гарнизоны әскери сотының төрағасы Секенов Айдар Секенұлы (өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттың судьясы етіп қалдыра отырып);

Семей қалалық сотының төрағасы Әбдікәрімов Нұржан Бейбітбекұлы (өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттың судьясы етіп қалдыра отырып).

Ақмола облысы бойынша 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Қайшыбеков Ғалым Айдашұлы (орнынан түсуіне байланысты).

Алматы облысы бойынша 

Райымбек аудандық сотының судьясы Сексенбаев Тұрсынбай Байбекұлы (зейнеткерлік жасқа толуына байланысты);

Талғар аудандық сотының судьясы Бекбаев Ералы Ерзатұлы (тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы сот жюриінің шешімі бойынша).

Батыс Қазақстан облысы бойынша 

Орал қалалық сотының судьясы Гимадутдинова Гульнара Шамильевна (орнынан түсуіне байланысты).

Қарағанды облысы бойынша 

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың судьясы Романюк Анжелика Владимировна (орнынан түсуіне байланысты).

Қостанай облысы бойынша 

Жітіқара аудандық сотының төрағасы Исмұхамбетов Бақтыбай Әбсағитұлы (өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттың судьясы етіп қалдыра отырып);

Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Райысов Абай Әбдіғалиұлы (өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттың судьясы етіп қалдыра отырып).

Маңғыстау облысы бойынша 

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Төлеуова Сая Түйебайқызы (кәсіптік жарамсыздығына орай судьяның атқаратын лауазымына сай келмейтіні туралы сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімі бойынша).

Павлодар облысы бойынша 

Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Нұрғалиев Ардақ Темешбайұлы (өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттың судьясы етіп қалдыра отырып).

Түркістан облысы бойынша

Сарыағаш аудандық сотының судьясы Шетенов Нұрқазы Бектайұлы (тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы сот жюриінің шешімі бойынша) қызметінен босатылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде