{metadescription}
Диляра Аленова Премьер-Министрдің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Диляра Аленова Премьер-Министрдің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы болып Диляра Ардаққызы Аленова тағайындалды.

Диляра Аленова халықаралық құқық мамандығы бойынша ҚазГЗУ университетін бітірген.

Еңбек жолын 2014 жылы тілші болып бастады.

Әр жылдары ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде, «Қазконтент» АҚ-да, ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінде жұмыс істеді.

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі басшысы, Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы коммуникациялық іс-тәжірибелер бөлімінің басшысы, Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы болып жұмыс істеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде