{metadescription}
Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу: 1 наурызға билет алғандар не істеуі керек

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу: 1 наурызға билет алғандар не істеуі керек

Көлік министрлігі Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (IATA) бірлесіп жүйелі жұмыс атқарды. Нәтижесінде қазақстандық авиакомпаниялар әуе билетін сату жүйесіне тиісті өзгерістер енгізді. Бұл жайында Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 20 қаулысына сәйкес, 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00–де) Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Абай, Ұлытау, Жетісу, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында жергілікті уақыт 1 сағатқа артқа шегеріледі.

Жолаушыларға бұрын сатып алынған әуе билеттеріне енгізілген түзетулер туралы тиісті хабарлама жіберілген.

Бұл ретте жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 29 ақпан мен 2 наурыз аралығында Авиация әкімшілігі жедел штабында рейстің ұшу-келу уақытын өзгерту мәселесі бойынша сенім телефоны жұмыс істейді. 

Жолаушылар мына нөмірлерге хабарласа алады: +7 (717-27) 9-82-14, + 77172 798213.

Сондай-ақ, ағымдағы рейстің жағдайын нақтылау үшін жолаушыларға әуежайдың ақпарат қызметтеріне, қосымшаларға және авиакомпанияның байланыс орталықтарына хабарласуға болады:

Air Astana: + 7727244 44 77, +7 (717-25) 8-44-77, +7 (702-70) 2-44-77;
FlyArystan: +7 727 331 1010 (WhatsApp +7 (702-70) 2-02-27;
SCAT: +7 (725-29) 9-88-80;
Qazaq Air: + 7 727 356 14 14.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде